Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Абай облысы бойыншадепартаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар қызметіндегі тәуекелдердіанықтау, заңнама талаптарының сақталуынбақылау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққақарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындабірқатар жұмыс жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаужәне оларды жою
Департамент қызметінің негізгі бағыттарыныңбірі – мемлекеттік органдар мен ұйымдардыңжұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінанықтап, олардың туындауына ықпал ететінсебептер мен жағдайларды жоюға жәрдемдесу.
Жыл басынан бері Абай облысыныңжолаушылар көлігі және автомобиль жолдарысаласында, сондай-ақ табиғи ресурстар жәнетабиғат пайдалануды реттеу саласында сыбайласжемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаужүргізілді. Талдау барысында басқарушылықпроцестер, кадрлық мәселелер, мемлекеттік қызметкөрсету, бюджет қаражатын жоспарлау жәнепайдалану, бақылау функциялары мен өзге де қызмет бағыттары зерделенді.
Атап айтқанда, табиғи ресурстар және табиғатпайдалануды реттеу басқармасының қызметінежүргізілген талдау қорытындысы бойыншаанықталған тәуекелдерді жоюға бағытталғанұсынымдар әзірленді. Оларды іске асырумәселелері облыс әкімдігі жанындағы сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегіведомствоаралық комиссия отырысында да қаралды.
Сонымен қатар, сот сараптамасы институтыныңАбай облысы бойынша филиалының қызметінежүргізілген талдау нәтижесінде 21 ұсыным, ал жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарысаласы бойынша 17 ұсыным берілді. Бұл шаралармемлекеттік органдар қызметінің ашықтығынарттыруға, рәсімдердің тиімділігін жетілдіругежәне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барыншаазайтуға бағытталған.
Заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу
Департамент мемлекеттік қызметшілердіңсыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердісақтауына және заңнама талаптарын орындауынатұрақты мониторинг жүргізеді.
2026 жылдың басынан бергі мониторинг нәтижелері бойынша 44 бұзушылық анықталды. Оның ішінде кірістері мен мүлкі туралыдекларацияларды уақтылы тапсырмаудың 8 дерегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердісақтамаудың 4 дерегі, туыстық қатынастарғабайланысты мүдделер қақтығысының 3 дерегі жәнемемлекеттік қызметпен үйлеспейтін кәсіпкерлікпен өзге де қызметке қатысты 29 дерек бар.
Анықталған мәселелер бойынша заңнаматалаптарын сақтау, бұзушылықтарға жол бермеужәне олардың қайталануын болдырмау бағытындатиісті шаралар қабылдау мәселелері қарастырылды.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметке кіретіназаматтардың қаржылық бақылау талаптарынорындауы, мүдделер қақтығысының алдын алужәне мемлекеттік қызметке байланыстышектеулерді сақтау мәселелеріне ерекше назараударылуда.
Түсіндіру және профилактикалық жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудақұқықтық сауаттылықты арттыру мен мемлекеттікқызметшілерге заңнама талаптарын түсіндірумаңызды орын алады.
Осы бағытта мемлекеттік органдарда, жергіліктіатқарушы органдардың аумақтық бөлімшелеріндежәне ұйымдарда кездесулер, семинарлар, дөңгелекүстелдер мен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларыұйымдастырылды. Олардың барысындамемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларынсақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсызаңнамадағы өзгерістер, мүдделер қақтығысынболдырмау, қызметтік өкілеттіктерді теріспайдаланудың алдын алу және азаматтардыңқұқықтарын қорғау мәселелері түсіндірілді.
Департамент өкілдері аудан-қалаларға барып, мемлекеттік қызметшілермен, Қоғамдық кеңесмүшелерімен, зиялы қауым өкілдерімен, жастарменжәне тұрғындармен кездесулер өткізді. Мұндайкездесулерде мемлекеттік аппараттың ашықтығы, мемлекеттік қызмет сапасы, қоғамдық бақылаужәне азаматтардың мемлекеттік органдарға дегенсенімін нығайту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік қызметкеқатысты сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарыжүргізіліп, жеке қабылдаулар ұйымдастырылды.
Қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру жұмыстары мемлекеттікқызметшілермен ғана шектелмейді. Бұл бағыттажастардың, білім беру ұйымдарының, қоғамдықбірлестіктердің және азаматтық қоғам өкілдерініңқатысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын ілгерілетуге, адал еңбек пен парасаттылық құндылықтарындәріптеуге бағытталған форумдар, ашық диалог алаңдары, пікірталастар мен танымдық кездесулерұйымдастырылды. Сонымен қатар жастар арасындаадалдық қағидаттарын насихаттауға жәнеқұқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталғанбастамалар жүзеге асырылды.
Қазан айында Семей қаласында мемлекеттікқызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты іс-шара өткізіліп, адалдық, әділдік және жауапкершілікқұндылықтарын дәріптеу мәселелеріне назараударылды. Бұдан бөлек, аудандарда тұрғындарменкездесулер мен көшпелі семинарлар өткізіліп, мемлекеттік қызметтегі әдеп стандарттары жәнесыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларыталқыланды.
Департаменттің жұмысы сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылықтарының салдарымен күресуменшектелмей, олардың туындауына ықпал ететінсебептерді ерте анықтауға, алдын алу тетіктерінжетілдіруге және қоғамда заңға құрмет пен адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Алдағы уақытта да мемлекеттік органдардағысыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, заңталаптарының сақталуын бақылау, профилактикалық жұмыстардың тиімділігінарттыру және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды дамыту бағытындағы жұмыстаржалғасады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттікқызмет істері агенттігінің
Абай облысыбойынша департаменті




