Абай облысында 10 мыңнан астам оқушы қашықтан оқыту форматына ауысты

Абай облысында 10 мыңнан астам оқушы қашықтан оқыту форматына ауысты

Эпидемиялық маусымда тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №6-ПГСВ қаулысына сәйкес оқу орындарында алдын алу шаралары енгізілді,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызмнтіне сілтеме жасап.

Қаулы талаптарына сай, сыныптағы науқастардың үлесі 30 пайызға және одан жоғары деңгейге жеткен жағдайда, мұндай сыныптар уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қазіргі уақытта 10 073 бала онлайн форматта білім алуда.Оның ішінде 9 870 оқушы Семей қаласында, 203 бала Ақсуат,Аягөз,Бесқарағай аудандарында оқиды.

Жалпы Абай облысында 304 мектеп бар, онда 99391 бала білім алады. Қазір 246 мектеп дәстүрлі форматта жұмыс істеп тұр. 58 мектепте ішінарақашықтықтан оқыту форматы енгізілді

Ал қалған сыныптар санитариялық-алдын алу талаптарын сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқытуды жалғастыруда. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар маусымдық вирустардың таралу қаупін төмендетіп, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дәрігерлер ата-аналарды балалардың көңіл күйі мен денсаулығына жіті мән беруге, алғашқы белгілер байқалған жағдайда уақытылы медициналық көмекке жүгінуге шақырады.


#Абай облысы, #Білім