Абай облысында мектеп оқушылары уақытша қашықтықтан оқытуға көшті

Абай облысында мектеп оқушылары уақытша қашықтықтан оқытуға көшті

Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 18 қаңтарда мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды abaidan.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, үйде төмендегі мектеп оқушылары қалады:

  • 1-11 сыныптар Көкпекті ауданындағы 18 мектеп
  • 1-11 сыныптар Ақсуат ауданындағы 17 мектеп
  • 1-9 сыныптар 2 мектеп, 1-11 сыныптар 29 мектеп Бородулиха ауданында
  • Аягөз ауданындағы 1-9 сынып, 12 мектеп
  • 1-4 сыныптар 16 мектеп, 1-9 сыныптар 3 мектеп, 1-11 сыныптар 2 мектеп Жарма ауданында
  • Семей қаласының барлық мектептерінің 1-4 сыныптары
  • Бесқарағай ауданындағы барлық мектептердің 1-11 сыныптары

Ал қалған аудандар мен қалалардағы мектептер әдеттегідей оқуда.


#Абай облысы, #Ауа райы, #Білім, #Оқушы