Абай облысының әкімі Баршатас ауылындағы мектептің жұмысымен танысты
Облыс әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында Баршатас ауылындағы Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы орта мектебіне барып, оқу орнының жәй-күйімен танысты, - -деп abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектептің тарихы 1923 жылдан басталады. Оқу ордасының қазіргі ғимараты 1981 жылы салынған. Бес жыл бұрын білім мекемесіне күрделі жөндеу жүргізілген. Мектеп 500 орынға шақталған. Қазір 170-ке жуық оқушы білім алып жатыр. 66 қызметкер, оның ішінде педагогтар мен техникалық мамандар еңбек етеді.

Білім ордасы Алматыдағы Қазақ ұлттық университетімен әріптестікте жұмыс істейді. Бұл – ауыл мектебі үшін үлкен мүмкіндік әрі кәсіби байланыстардың нығаюына жол ашады. Мұндағы бір мәселе - кейбір пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі. Аймақ басшысы мектептің оқу кабинеттерін аралап, музейдің және кітапхананың жұмысымен танысты.

Мектеп басшылығына білім ордасына қажет мамандарды жоғары оқу орындарымен байланыс орната отырып шешу қажеттігін айтты.
«Мектептің материалдық-техникалық базасы жақсы. Оқушылардың алаңсыз білім алуына толық жағдай жасалған. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек» – деді облыс әкімі.
#Абай облысы, #Білім, #Берік Уәли, #Баршатас, #Шұбартау өңірі