Абай облысының білім беру мекемелері  бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз  етілген

Абай облысының білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етілген

Абай облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен оқуға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қомақты қаражат бөлінді. Бұл өңірдің барлық білім беру ұйымын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, 160-қа жуық білім беру ұйымдары жедел басқару орталығына қосылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2023 жылы барлық білім беру ұйымдарын жабдықтау үшін 905,2 млн. теңге бөлінді.

Облыстың білім беру ұйымдарында барлығы 12 324 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның ішінде мектептерде - 8882, балабақшаларда - 1582, қосымша білім беру ұйымдарында - 271 және колледждерде - 1589. Барлық 49 мемлекеттік балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

ҚР ОАМ № 117 бұйрығына сәйкес, 31 балабақша жедел басқару орталығына қосылды, дабыл түймелері, турникет және лицензияланған күзетпен 100% деңгейінде қамтамасыз етілді. 

Сондай-ақ, облыстың 302 мектебі бейнебақылау камераларымен толық қамтамасыз етілген. Бейнебақылау және дауыстық хабарлау жүйесін жаңарту және орнату үшін 2023 жылы 218 мектепте жергілікті бюджеттен 442 млн. теңге бөлінді. 129 мектептің 107-сі жедел басқару орталығына қосылып, түрлі оқиғаларға жедел ден қоюды қамтамасыз етеді. 

Облыстың барлық 33 колледжінде 1 589 бейнекамера орнатылған, бейнебақылаумен толық қамтамасыз етілген. 29 колледждің 19-ы жедел басқару орталығына қосылған. ҚР ОАМ № 117 бұйрығына сәйкес 28 колледж арнайы күзетпен қамтамасыз етілуге тиіс, 26 колледжде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шарт жасалған, ал қалған колледждермен шарт жасау жұмыстары жалғасуда. Колледждерде дабыл түймелері мен турникеттермен жабдықтау №117 Нұсқаулық бойынша 100% стандарттарға сәйкес келеді.

Сонымен қатар, биыл облыс аумағында орналасқан барлық жеке меншік мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарында №117 нұсқаулыққа сәйкес 100%  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бойынша жұмыстар атқарылады. 

 


#Абай облысы, #Білім, #білім беру