Абай облысының ұстаздары  «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2023»республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Абай облысының ұстаздары «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2023»республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Оқу-ағарту министрі «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» республикалық байқауының жеңімпазын марапаттады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облыстық білім басқарамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміз бойынша өткізілген «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығы бойынша үздік атанды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жеңімпаздарға салтанатты түрде марапаттарын табыстады. Абай облысынан Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының информатика пәні мұғалімі Шынар Баяхметова және  №15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жадыра Толеуқоңыр республикалық байқау жеңімпаздары болып, «2023 жылдың үздік педагогі» атанды. Жеңімпаздар «Үздік педагог» куәлігін, «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алды.

Айта кетейік, «Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім берілді. Облысымыздан 6 педагог қатысып, екеуі жүлдемен оралды.


#Абай облысы, #Білім, #мектеп