Ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары онлайн оқытуға көшті
Қатты жел мен боран салдарынан Абай облысының кей аймақтарында сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Ауа райының бұзылуына байланысты 22 қаңтарда Семейде барлық мектептердің бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары ;Бесқарағай ауданының 21 мектебінің 1-9 сынып;
Бородулиха ауданының 8 мектебінің 1-4 сынып, 4 мектебінің 1-9 сынып, 2 мектебінің 1-11 сынып; Жарма ауданының 5 мектебінің 1-4 сынып, 2 мектебінің 1-9 сынып; Жаңасемей ауданының 1 мектебінің 1-11 сынып, 1 мектебінің 1-4 сынып; Аягөз ауданының барлық мектебінің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.
Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі 13 облыста тас жолдар жабылған болатын. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда 40 градус аяз болуы мүмкін.
#Семей, #Абай облысы, #Ауа райы