Аягөз ауданында «Жаздық жолдама 2024» жобасы аясында сертификаттар табысталды

Аягөз ауданында «Жаздық жолдама 2024» жобасы аясында сертификаттар табысталды

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде «Жаздық жолдама 2024» – қайырымдылық жобасын бастап отыр. «Жаздық жолдама» жобасы жазғы каникул кезінде еліміз бойынша 5-8 сыныптардың 20 мың оқушысы үшін зияткерлік және шығармашылық дамумен демалысты қамтамасыз етеді. Биыл Абай облысына жазғы демалысқа 696 сертификат бөлінді. Оның ішінде Аягөз ауданына 160 сертификат берілді (Семей қ. – 40, Абай ауданы – 40, Бесқарағай ауданы – 46, Бородулиха ауданы – 60, Жарма ауданы – 90, Үржар ауданы – 150, Ақсуат ауданы – 60, Көкпекті ауданы – 40). Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған. 

Анықтама: 2023 жылы Қазақстанның 17 облысынан 20 мыңға жуық баланы қамти отырып, «Жаздық жолдама» жобасы іске асты. Аталған балалар 26 жазғы лагерьде 2 апталық демалыс өткізді. Ал былтыр Абай облысына 920 жолдама бөлінген.


#Білім, #Аягөз