«JasREPUBLIC CUP» пікірсайыс турнирінің өңірлік жеңімпаздары анықталды

«JasREPUBLIC CUP» пікірсайыс турнирінің өңірлік жеңімпаздары анықталды

Семей қаласының білім ордасының бірінде 28-29 қыркүйек аралығында«JasREPUBLIC CUP» атты Ұлттық дебат турнирінің іріктеу кезеңі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz Семей қаласының НЗМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарма, Көкпекті, Аягөз, Үржар, Мақаншы, Бородулихааудандары мен өңір орталығындағы 100-ден астам мектепоқушысы  пікірсайыс алаңында сынға түсіп, өзара ең мықтыпікірсайысшыны анықтады. 35 фракция арасында талқығатүскен тақырыптар қоғамдағы әртүрлі мәселелерге бағытталған. Бас төрешінің айтуынша, жыл сайын оқушылар арасында шешендік ойынға қызығушылық артуда. Сол себептен де аталмыш шараның кіл мықтысын анықтау қиынға соққан.

- Облысымыздағы дебат қозғалысы жыл сайын дамып келеді. Бүгінгі іс-шара да мектеп оқушыларының арасындағы пікірсайыстың жаңдануына әсер етпек. Жастарына қарамастан оқушылар жекеменшік мектептер, ChatGPT-дің пайдасы мен зияны, өмір сүруге қолайлы қала тақырыбында ұтымды ой өрбіте білді, - деді "Конгресс" интеллектуалды дебат клубының координаторы, бас төреші Дидар Жанымханова.

Турнирдің мақсаты – жас дебатерлердің ойлау қабілетін, шешендік өнерін дамыту және білім алушылар арасындапікір алмасу мәдениетін қалыптастыру. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен «OzgerTeam» қоғамдық қоры бірлесуімен ұйымдастырылатын іс-шараға Respublica партиясы қолдау білдіреді.


Зияткерлік ойында қазақ лигасынан 25 фракция, орыс лигасына 10 фракция бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша қазақ лигасында бірінші орынды ЫбырайАлтынсарин атындағы № 37 гимназиясы иеленсе, екінші орынға Экономикалық лицей қол жеткізді. Үштікті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретінмектебі түйіндеді. ​

Орыс лигасы бойынша жүзден жүйрік атанғандар - Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Екінші орынды Семей қаласы облыстық дарынды балаларға арналғанмамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейіқанжығаласа, үшінші орынға Ш.Уәлиханов атындағы "Жас-Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей интернаты жайғасты.


Жарыс қорытындысында Respublica партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқашжеңімпаз фракцияларға арнайы дипломдар мен сыйлықтарды табыстады. 

Өңірлік кезеңде үздік деп танылғандар республикалықҰлттық турнирге жолдама алды.


#Білім