Білім 52 қаралымabaidan.kz

Медиа және дизайн бойынша халықаралық күзгі мектеп өтеді

Медиа және дизайн бойынша халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық баспа күніне орай «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектепөтеді.

Баспа ісі, медиа және дизайн күзгі мектебіне БАҚ өкілдері, баспа мамандары, ЖОО оқытушылары мен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады. Іс-шара аясында халықаралық ұйымдар өкілдерінің, танымал баспа мамандарының, белгілі журналистердің, қолтаңбасы дара дизайнерлердің шеберлік сыныптары өтеді. Қатысу форматы: онлайн және офлайн.

Халықаралық күзгі мектептің ерекшелігі – академиялық білім мен кәсіби тәжірибені ұштастыру. Бағдарлама баспа, медиа және дизайн салаларының өзара байланысын жаңа технологиялық өзгерістер аясында қарастырып, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, кәсіби байланыстар орнатуына және инновациялық идеялар алмасуына жағдай жасайды.

Сонымен қатар іс-шара жасанды интеллект технологияларын қолданудағы этикалық жауапкершілік, авторлық құқық, ақпарат сапасы және шығармашылық еңбектің құндылығы мәселелеріне назар аударуға бағытталған.

Курстың соңында 72 сағаттық сертификат беріледі.

 

Күзгі мектепке тіркелу осы сілтеме бойынша жүргізіледі:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSehTrEA_h1fArMlrayrRxS8pAI3TPuld3QsP1phoH7NrIH-UQ/viewform?usp=publish-editor

 

Шараның ресми серіктестері:

ҚР Ұлттық Кітап Палатасы

Қазақстан Дизайнерлер одағы

«Qazaq Gazetteri» ЖШС

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

«Шалқар» радиосы

«Заң» медиа-корпорациясы

 

Ашылуы 5 қараша сағ. 10:00.

Өтетін орны: «Әл-Фараби» кітапханасы, 409 зал.

 

Ұйымдастыру комитеті:

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы

Байланыс телефондары: +77712073437, +77476354596, +77075358455