Сайлау 3 қаралымabaidan.kz

«Сенімге адалдық – елге қызмет!»: Вероника Абдулаева №10 сайлау округі бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды

«Сенімге адалдық – елге қызмет!»: Вероника Абдулаева №10 сайлау округі бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Қаланы абаттандыру – басты басымдықтардың бірі

Вероника Витальевна Абдулаева тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын негізге ала отырып, жолдар мен аулаішілік өтпелерді жөндеу мәселелерін көтеруді көздейді. Сонымен қатар көшелер мен аулаларды жарықтандыруды жақсарту, жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін арттыру, аулаларды көгалдандыру және заманауи балалар мен спорт алаңдарын орнатуға ықпал етуді жоспарлап отыр. Жөндеу жұмыстарының сапасы мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды күшейту де маңызды міндеттердің қатарында.

Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі

Білім беру саласында мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, педагогтарды қолдау және балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне басымдық беріледі. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету, буллингтің алдын алу және ата-аналар, мектеп пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту көзделген.

Жастарға жаңа мүмкіндіктер

Бағдарламада жастардың жан-жақты дамуына да ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелердің қолжетімділігін арттыру, еріктілер қозғалысы мен жастар бастамаларын дамыту жоспарланған. 

Әлеуметтік қолдау – қоғам алдындағы жауапкершілік

Әлеуметтік қорғау бағытында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға, зейнеткерлер мен жалғызбасты қарттарға ерекше көңіл бөлінеді. 

Денсаулық сақтау және экология мәселелері назарда

Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеру, профилактикалық іс-шаралар мен медициналық тексеру акцияларын қолдау, салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау көзделген.

Экология саласында қала тазалығы мен қоқыс шығару сапасын бақылауды күшейту, саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарын абаттандыру, ағаш отырғызу және көгалдандыру акцияларын ұйымдастыруға қолдау көрсету жоспарланып отыр. 

Халықпен ашық диалог – тиімді жұмыстың негізі

Вероника Абдулаеваның сайлауалды бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі – тұрғындармен тұрақты байланыс орнату. Ол азаматтармен кездесулер өткізіп, ашық қабылдаулар ұйымдастыруға, әрбір өтінішті назарға алып, көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауға ниетті.

Қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеріп, депутаттық сауалдар жолдау және атқарылған жұмыстар туралы халық алдында тұрақты есеп беру де негізгі міндеттер қатарында.

 Сайлауалды бағдарламаның негізгі мақсаты – Семей қаласы тұрғындарының мүддесін қорғау, халықпен тұрақты диалог орнату және қала өмірінде нақты оң өзгерістерге қол жеткізу.

 

№ 10 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Вероника Абдулаеваның сайлау қорынан төленді