Оқу-ағарту министрі тағайындалды

Оқу-ағарту министрі тағайындалды

Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Жұлдыз Сүлейменованың еңбек жолы

Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институты оқытушысы, Жастармен іс жөніндегі комитетінің төрайымы, Ақтөбе қ. (2004 — 2006)

«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары (2006)

Ы. Алтынсарин атындағы № 159 көпсалалы гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі, Алматы қ. (2007 — 2008)

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің жетекші маманы, проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы, Алматы қ. (2008 — 2011)

Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы, Алматы қ. (2011)

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы, Алматы қ. (2011 — 2012)

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары, директоры (2012 — 2019)

Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры (2019 — 2021)

VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік — мәдени даму комитетінің мүшесі, Астана қ. (2021 — 2023)

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2023 бастап)

Айта кетелік Ғани Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылған еді. 


#ҚР Оқу-ағарту министрлігі, #Білім