Семейдің әскерилері ұстаздарды құттықтады

Семейдің әскерилері ұстаздарды құттықтады

Абай гарнизоны 63310 әскери бөлімінің қолбасшылығы Семей қаласының №35 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№35 мектеп 63310 әскери бөлімінің алғашқы әскери дайындықты өткізу, мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру және әскерге дайындаудағы бағынышты мекемесі. Әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары ұдайы түрде оқушылармен Ерлік сабақтарын, Ашық есік күндері сынды шараларды өткізіп отырады. Осы арнайы атаулы күнге байланысты 63310 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Ербұлан Бугуев аталмыш шараларды өткізуде белсенді ат салысып жүрген ұстаздарды кәсіби мерекелерімен арнайы келіп келесідей құттықтады:

- Ұстаздар халық алдында маңызды мамандықтарының бірі, осыған дәлел ұстаздарымыздың жыл сайынғы мәртебесінің көтерілуі. Сіздердің балаларға берген білім және бағдарларыңыз көпшіліктің алдында құрметке ие. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, еңбектеріңіз жемісті болсын, - деді құттықтап келген Ербұлан Бугуев.

Шара барысында мектеп директоры Гүлнар Махамбетова, мектеп директорының орынбасарлары Махаббат Оразбекова, Үміт Баймоллаева, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұрлан Төкенов және мектептің аға әдіскері Мақпал Омарғазиналар 63310 әскери бөлімі комардирінің мадақтау қағаздарымен марапатталды.


#Семей, #мереке, #Ұстаздар күні