«Серпін» арқылы тек қана 5 облыстың ауыл балалары грантқа түсе алады

«Серпін» арқылы тек қана 5 облыстың ауыл балалары грантқа түсе алады

Ұлттық тестілеу орталығы «Серпін» бағдарламасы аясында грантпен білім алу жайында ақпарат жариялады,-деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі KAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап. «Серпін» жобасының басты мақсаты — еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау. «Серпін» бағдарламасына мына аймақтардың түлектері қатыса алады: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстары. Еске сала кетейік, бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Гранттар мынадай облыстарда орналасқан ЖОО-ларға бөлінді: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай облыстары. Гранттар тек педагогикалық, IT және техникалық, ауыл шаруашылық мамандықтарына беріледі. Биыл «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр. Оның 2500-ден астамы педагогикалық бағытта, 700-ге жуығы инженерия, өңдеу және құрылыс саласына, ал 300-ге жуығы IT-ге, 70-ке жуық грант ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытына бөлінген. Жоба бойынша грантқа түскен түлектер шәкіртақы алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі. «Серпін» бағдарламасы түлектері үшін оқу аяқтаған соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды. 


#Білім, #гранттар