Соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында облыстың бес ұстазы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды
Абай облысының барлық мектептерінде «Мектебім, саған мың алғыс!»атты мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік шарада облыс бойынша «Үздік мұғалім» атағын иеленген 5 ұстазға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі табысталды.
Бородулиха ауданынан М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсел Ықыласова, Камышенка орта мектебінің көркемсурет пәні мұғалімі Галина Сафронова, Н.Островский атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Саят Бодомбаев және Семей қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия мұғалімі Қуат Оразалин, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Жанар Дурмекбаева «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Марапатты Білім бөлімі басшылары мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау жиынында табыстады.
Білім саласындағы ұзақ жылғы еңбегінің жемісі ретінде бұл күні ұстаздар ұлықталып, төстеріне төсбелгі тағылды.
#Абай облысы, #мұғалім, #марапат