Түркияның Алматыдағы білім жәрмеңкесі
Түркияның Алматыдағы Бас консулдығының хабарлауынша, 2024 жылдың 17 ақпанында Республика сарайында(Алматы) «Түрік университеттерінің Жібек жолы» білім жәрмеңкесі өтеді. Сағат 10:00-17:00 арасында болатын көрмеге Түркия, Қыргызстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Стамбұл университеті, Доғу Акдениз университеті, Кастамону университеті, Фенербахче унрверситеті, Үскүдар университеті сияқты жалпы саны 20-ға жуық жеке және мемлекеттік университетінің өкілдері қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушылары мен магистранттарға Түркиядағы білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.
#Білім, #Түркия, #Алматы, #түркітілдесжурналистерқоры