Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Білім 50 қаралымabaidan.kz

Семейлік оқушы халықаралық олимпиадада екінші жыл қатарынан күміс медаль иеленді

Семейлік оқушы халықаралық олимпиадада екінші жыл қатарынан күміс медаль иеленді

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әкежан Асқар информатикадан 38-ші Халықаралық олимпиадада (IOI 2026) күміс медаль иеленді. Биылғы олимпиада Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті. 
Информатика бойынша әлемнің ең беделді олимпиадалардың бірі саналатын байқауға биыл 90-нан астам елден 300-ден аса оқушы қатысты. 

Семейлік оқушы халықаралық олимпиадада екінші жыл қатарынан күміс медаль иеленді

International Olympiad in Informatics — мектеп оқушылары арасындағы ең ірі халықаралық пәндік олимпиадалардың бірі. Қатысушылар жеке дара сынға түсіп, талдау, алгоритмдер мен деректер құрылымын жобалау, бағдарламалау және тестілеу дағдыларын қажет ететін күрделі алгоритмдік есептерді шешеді. Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Әр жарыс күнінде қатысушыларға үш есепті орындауға бес сағат уақыт беріледі.
Әкежан үшін бұл — IOI олимпиадасындағы қатарынан алған екінші күміс медалі. Өткен жылы да ол Боливияның Сукре қаласында өткен олимпиадада күміс жүлдегер атанған.