Денсаулық 30 қаралымabaidan.kz

Абай облысында медицина саласын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Абай облысында медицина саласын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Абай облысында медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерге дәрігерлер тарту және медициналық инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков саладағы негізгі өзгерістер мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Абай облысында медицина саласын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Басқарма басшысының мәліметінше, өткен жылы өңірдің медициналық мекемелеріне 2 996 бірлік жабдық жеткізілген. Олардың қатарында магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық жүйе бар. Жаңа аппараттар медициналық ұйымдардың диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, күрделі тексерулер жүргізуге жағдай жасайды.

Сонымен қатар ауылдық елді мекендерді медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Талғат Молдабековтің айтуынша, өткен жылы ауылдық жерлерде кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндеттелген мамандық иелерінің 11-іне біржолғы төлем берілген. Бұл шара дәрігерлерді ауылдарға тартуға және жергілікті тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Абай облысында медицина саласын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Қазіргі таңда облыста 325 медициналық ұйым жұмыс істейді. Басқарма басшысының сөзінше, 2026 жылы ауруханаларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету, бірқатар медициналық нысанды күрделі жөндеуден өткізу және кадр тапшылығын азайту жұмыстары жалғасады.

Алдағы кезеңде медициналық ұйымдарды жаңарту, жаңа жабдықтармен қамту және білікті мамандар тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады. Бұл шаралар облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды көздейді.