Мәдениет 34 қаралымabaidan.kz

Қайрат, ақыл, жүрек тоғысқан дода

Қайрат, ақыл, жүрек тоғысқан дода

Абай облысында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі басталды. Абайдың тағылымды ойларын арқау еткен шара мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттырып, өз ойын ашық әрі дәлелді жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталған. Турнирдің ашылу салтанатына Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов қатысып, пікірсайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қайрат, ақыл, жүрек тоғысқан дода

Пікірсайыс – өз ойын жүйелі жеткізіп, қарсы тараптың ұстанымын тыңдай білуге, түрлі мәселелерге сыни көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін тиімді алаң. Осы ретте ұйымдастырылып отырған турнирдің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау қабілетін жетілдіру, дәлелді пікір білдіру мәдениетін қалыптастыру, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын дамыту және командалық жұмысқа бейімдеу.

Қайрат, ақыл, жүрек тоғысқан дода

Зияткерлік сайысқа Абай облысының мемлекеттік қызметшілерінен құралған 16 команда қатысуда. Турнир барысында командалар өзара пікір таластырып, ұсынылған тақырыптар бойынша өз ұстанымдарын нақты дәйектермен қорғауда.

Қайрат, ақыл, жүрек тоғысқан дода

 Қатысушылардың шешендігімен қатар, мәселені жан-жақты талдауы, логикалық ой қорытуы және қарсы тараптың уәжіне сауатты жауап беруі де сынға түсуде.

Қайрат, ақыл, жүрек тоғысқан дода

Пікірсайыстың алғашқы күні тартысты әрі мазмұнды өтті. Командалар өзара сынға түсіп, білімдері мен шешендік қабілеттерін ортаға салды. Бірінші күннің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 4 команда жартылай финалға жолдама алды.

Турнир қатысушылары үшін кәсіби ортадағы пікір алмасу мәдениетін жетілдірумен қатар, Абай мұрасындағы адамгершілік, білім, парасат және жауапкершілік құндылықтарын заманауи тұрғыда зерделеуге мүмкіндік беріп отыр.

Қайрат, ақыл, жүрек тоғысқан дода

«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» қағидасы – мемлекеттік қызметтегі кәсібилік пен азаматтық жауапкершіліктің маңызды ұстанымдарымен үндес. Осы тұрғыдан алғанда, пікірсайыс турнирі мемлекеттік қызметшілердің интеллектуалдық және коммуникативтік қабілеттерін шыңдайтын тағылымды шараға айналып отыр.