Абай облысында медициналық мекеме 600 млн теңгеден астам сомаға негізсіз шарт жасақан
Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет денсаулық сақтау саласына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, медициналық мекемелердің бірінің 3 жыл ішінде медициналық жабдықтарды өндіруші болып саналмайтн компаниялармен 600 млн теңге сомасында 23 негізсіз шарт жасасқанын анықтады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Заңнамаға сәйкес күрделі жабдыққа өндірушінің өзі қызмет көрсетуі тиіс. Бұл туралы департамент басшыныңы бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында баяндады. Сондай-ақ талдау барысында медициналық қызметтерді асыра тіркеу , бас дәрігерлерді өз бетінше жұмыстан шығару, пациенттерді жеке менщік клиникаларға жіберу кезінде мүдделерді лоббилеу, дәрілік препараттармен айла-шарғы жасау және еңбекақы төлеу бойынша,ақша қаражжатын жымқыруға байланысты бірқатар тәуекелдер анықталды. "2023 жылы мемлекет тарапынанТМККК шеңберінде облыс халқына 7 млрд теңгеден астам сомаға 400 мыңнан астам дәрілік препараттар бөлінді. Алайда талдау көрсеткендей, дәрі-дәрмектердің бөлінген көлемі соңғы адресатқа жетпейді,-деді Рүстем Тоқбергенов. Сондай-ақ, аудандың бірінде аурухана дәріханасында жалпы сомасы 1,3 млн теңгеге препараттардың жетіспеушілігі анықталған. Талдау қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 25 ұсыныс енгізілді.
Одан бөлек отырысқа қатысушыларға ұзақ құрылыс санатына өткен 12 нысан туралы айтылды. Облыс әкімі оларды аяқтау бойынша жол картасын әзірлеуге бастамашылық жасады.
#Абай облысы, #Денсаулық сақтау