Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сандыбаев Марат Нұрланбекұлы денсаулық жағдайына байланысты берген өтінішіне сәйкес өз қызметінен кетті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Нұрлан Ұранхаев облыстың денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы ретінде Талғат Қаркенұлы Молдабековті тағайындады.
Талғат Қаркенұлы 1969 жылы 20 маусымда Семей қаласында дүниеге келген.
1993 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын дәрігер кардиолог мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Әл-Фараби «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы Семей қаласының Орталық қалалық аурухананың кардиологиялық бөлімінің дәрігері ретінде бастап, 2017 жылға дейін денсаулық саласында түрлі қызметтерді атқарған.
Астана қаласындағы «Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ-ның Кардиология бөлімінің меңгерушісі, «UMC» корпоративтік қорының Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының Кардиология және неврология бөлімінің меңгерушісі, «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС-нің № 1 терапия бөлімшесінің кардиолог-дәрігері болды.

2022 жылы «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС-нің Көпсалалы терапия орталығының меңгерушісі қызметін атқарды.

Тағайындалғанға дейін «Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы орынбасарының міндетін атқарушы лауазымында болған.


#Денсаулық, #Абай облысы