Қоғам 32 қаралымabaidan.kz

Жан басына шаққандағы ақшалай табыс 410 мың теңгеге жетті

Жан басына шаққандағы ақшалай табыс 410 мың теңгеге жетті

2026 жылғы II тоқсанда халықтың жан басына шаққанда ақшалай табыстарының мөлшері орта есеппен 410 088 теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 14,0% -ға жоғары, деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, халықтың ақшалай шығыстары жан басына шаққанда орта есеппен 358 584 теңгені құрады.

Тұтынуға пайданылған табыстар орташа жан басына шаққанда 2026 жылғы II тоқсан бойынша 362 900 теңгені көрсетіп отыр.

2026 жылдың II тоқсанында халықтың тұтынуға жұмсаған табыстары бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр (483 887 теңге). Екінші орында Қарағанды қаласы (480 696 теңге). Үшінші орынға Астана (451 999) жайғасқан. Тұтынуға жұмсаған табыс бойынша тізімнің соңында Шымкент қаласы орналасқан. Аталған қала тұрғындарының тұтыну табысы 274 354 теңгені көрсетіп отыр.

Айта кетейік, бүгінде ел экономикасында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылған. Мемлекет еңбек нарығында жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, мамандарды даярлау, еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және азаматтардың кәсіби дағдыларын арттыру бағыттарына басымдық беріп отыр