Денсаулық 68 қаралымabaidan.kz

«Халықтық бақылау» іске қосылды

«Халықтық бақылау» іске қосылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Халықтық бақылау» цифрлық сервистерін дамытуды жалғастыруда.

eGov mobile мобильді қосымшасындағы«Халықтық бақылау» цифрлық сервисі арқылыӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорынаазаматтардан 6,3 мың өтініш келіп түсті.

eGov mobile қосымшасындағы «Денсаулық» – «Медициналық қызметтер тарихы» бөліміндекөрсетілген медициналық көмек, оның атауы, көрсетілген күні мен уақыты, сондай-аққаржыландыру көзі туралы ақпаратпен танысумүмкіндігі қосылды.

Пайдаланушылардың арасында көрсетілгенмәліметтер мен іс жүзінде алынған медициналықкөмек арасындағы сәйкессіздікті анықтағандар да бар. Осы өтініштер бойынша Қор тарапынантексерулер жүргізіліп жатыр, қарау нәтижелерібойынша тиісті шаралар қабылданады.

Еске сала кетейік, Әлеуметтік медициналықсақтандыру қоры ҚР Жасанды интеллект жәнецифрлық даму министрлігімен бірлесіп«Халықтық бақылау» цифрлық сервистеріндамытуды жалғастыруда.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыруқоры» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы