Жолдау 75 қаралымabaidan.kz

Жаңа Азаматтық кодекс – кәсіпкерлік пен экономиканың құқықтық тұрақтылығының негізі

Жаңа Азаматтық кодекс – кәсіпкерлік пен экономиканың құқықтық тұрақтылығының негізі

Әрбір азамат үшін маңызды жаңалықтардың бірі – Мемлекет басшысының Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп, жаңа Азаматтық кодексті әзірлеуге кірісуді тапсырғаны. Президент қазіргі жағдайда инновацияларды табысты енгізу және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құқықтық жүйенің ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Ал өткен ғасырдың 90-жылдарында қабылданған қолданыстағы Азаматтық кодекс бүгінгі жаңа талаптарға сай келмейді.

Бұл мәселе ірі өңдеу кәсіпорнында жұмыс істейтін мамандар ретінде бізге де жақсы таныс. Қолданыстағы кодекс өтпелі кезең экономикасына бейімделіп жасалған. Оның нормалары ескіргендіктен, келісімшарттар жасасу барысында түрлі даулы мәселелер туындап жатады.

Біз Мемлекет басшысының жаңа Азаматтық кодекс кәсіпкерлердің, инвесторлардың және барлық азаматтардың тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуіне қажетті құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етеді деген пікірін толық қолдаймыз.

Қазір баршамыз үшін маңызды осы құжаттың талқылану барысын қадағалап, өз ұсыныстарымызды енгізетін уақыт келді. Өйткені енгізілетін өзгерістер өмірдің кез келген саласы үшін маңызды.


Ерлан Жұмабаевич Сыздықов, 

«QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС жабдықтау және әкімшілік қамтамасыз ету директоры