МӘМС төлемдерін енді банк қосымшаларында тексеруге болады
Қызмет Қазақстан Халық банкі, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобильді қосымшаларында қолжетімді.
Қазақстандықтар медициналық сақтандыру мәртебесін енді Қазақстан Халық банкі, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобильді қосымшаларына тексере алады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету тәсілдерін кеңейтті. Енді мұны кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында жасауға болады.
Соңғы 12 ай ішінде төленбеген кезеңдер болса, оларды банк қосымшаларында төлеуге болады. Төлемдер тексерілгеннен кейін "Сақтандырылған" мәртебесі беріледі.
Еске сала кетсек, азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
fms.kz ресми сайты;
Telegram-дағы @SaqtandyrýBot;
1414 байланыс орталығы;
Damumed мобильді қосымшасы.