Медициналық сақтандыру қорының 2024 жылғы комиссия мөлшерлемесі белгіленді

Медициналық сақтандыру қорының 2024 жылғы комиссия мөлшерлемесі белгіленді

Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры комиссиясының 2024 жылға арналған сыйақы мөлшерлемесі белгіленді, деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

"2024 жылға арналған "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ комиссиясының сыйақы мөлшерлемесі Қор қызметін жүзеге асыру үшін ҚР үкіметі белгілеген лимит шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қордың есепті айдағы шотынан алынған активтер сомасының 1,18%-ынан аспайтын мөлшерде белгіленсін", – делінген құжатта.

Бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


#Денсаулық, #сақтандыру