Қасиетті Рамазан айы басталды
Рамазан айы - барлық мұсылмандар үшін ерекше уақыт. Бұл рухани тазару, иманды нығайту және өмірімізді қайта қарастыратын уақыт. Рамазан айындағы ораза - исламның бес парызының бірі, дені сау, кәмелетке толған барлық мұсылмандар үшін парыз. Мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы биыл 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады. Ал Ораза айт 30 наурызда басталады. Наурыз айының 26-сынан 27-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні.
