Семей сынақ полигонының жерлері ауылшаруашылығына пайдалануға беріледі

Семей сынақ полигонының жерлері ауылшаруашылығына пайдалануға беріледі

Қазақстанда бұрынғы полигон аумағындағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін заң қабылданды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Liter.kz сілтеме жасап. 

Семей сынақ полигоны Қазақстан аумағында 1949 жылдан 1989 жылға дейін жұмыс істеді. Онда 468 ядролық сынақ – жер үсті, әуе, жерасты сынақтары жүргізілді. Полигонның жалпы ауданы 18 500 шаршы шақырымды құрайды. 

Семей ядролық сынақ полигонындағы атом қаруын сынау адам денсаулығы мен қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірді. Ядролық сынақтардың салдарынан бір жарым миллион адам зардап шекті. Айналасындағы топырақ пен су ластанды.

1991 жылы 29 тамызда полигон жабылғаннан кейін, оның негізінде сынақтардың салдарын зерттейтін "Ұлттық ядролық орталық" РМК құрылды. 1996-2012 жылдары полигонда Қазақстан, Ресей және АҚШ-тың полигондағы сынақтардан кейін қалған 200 келіге жуық плутониді жинау және көму жөніндегі бірлескен операциясы өтті.

Бұрынғы Семей сынақ полигонының жерлерін пайдалану мәселесі 2000 жылдардың басында қолға алына бастады. Мал жаю үшін үлкен аумақ қажет еткенімен, оны заңды түрде пайдалану мүмкін болмады. Сол кездің өзінде зерттеу кейбір жерлердің таза және ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін жарамды екенін көрсетті.

Осы мақсатта 2008 жылдан 2021 жылға дейін бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында кешенді экологиялық зерттеу жүргізілді. Мамандар он жылдан астам уақыт бойы полигон аумағында радиоактив іздерінің бар-жоғын анықтау мақсатында мұқият зерттеді.

Сарапшылардың тұжырымдарына сәйкес, 8,9 мың шаршы шақырым пайдалануға жарамды, ал 9,4 мың шаршы шақырым әлі де белгіленген нормадан тыс ластанған.

Нәтижесінде" Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы"ҚР Заңының жобасы әзірленді.

ҚР Парламентінде бұл заң жобасы екі жылдан астам уақыт бойы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, Ұлттық ядролық орталық өкілдерімен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен жан-жақты талқыланды. Бұл ретте бас орган болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин төрағалық ететін экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі Комитет саналады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов - Абай облысының тумасы. Сондықтан Семей ядролық полигоны орналасқан жерлерді қауіпсіз пайдалану мәселесі ол үшін өте маңызды.

«Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерлерін пайдалануды реттейтін нақты заңның қажеттілігі баяғыда пісіп-жетілді. Ол ластанған және таза аумақтарға бөлінеді. Оның көмегімен жердің бір бөлігі қалпына келтіріліп, біртіндеп экономикалық айналымға оралады. Нәтижесінде бұл шаралар еліміздің шығыс өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі», - деп есептейді Нұртай Сабильянов.

Заң жобасы сонымен қатар AMANAT партиясының 2023-2027 жылдарға арналған " Халықпен бірге!” атты сайлауалды бағдарламасының бір бөлігі .

2023 жылғы 5 шілдеде ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы"ҚР Заңына қол қойды. Бұл заң 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Заң Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы-бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында ядролық қаруды сынау салдарынан нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтың шектеулі бөлігі. Бұл аумақта арнайы құқықтық режим қолданылады. Бұл аумақ мемлекет меншігінде болады және иеліктен шығаруға жатпайды», – деп атап өтті Нұртай Сабильянов.

Заңның қабылдануының маңызды сәті, оны іске асыру нәтижесінде радиоактивті ластанған аумақтар мен ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге болатын ядролық полигонның ластанбаған жерлері ажыратылатын болады.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ оның жерлерін шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағын оңалту мақсатында құрылады.

Осыған байланысты ҚР Жер кодексіне сәйкес ластанбаған аумақтар кейіннен пайдалану үшін әкімдіктерге берілетін болады.

«Уәкілетті орган – ҚР Энергетика министрлігі – аймақты құру және оның жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысатын болады. Бұдан басқа, уәкілетті орган қызметін үйлестіреді, бақылайды, мониторинг жүргізеді, кешенді экологиялық зерттеулер жүргізеді, Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жер учаскелерінің шекаралары мен аудандарын өзгерту туралы ұсыныстарды келіседі», – деді мәжілісмен.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Үкіметтің қаулысымен Уәкілетті ұйым құрылады, ол бюджеттен қаржыландырылатын болады.

Жалпы радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейі қамтамасыз етіледі, бұрынғы ядролық полигонның жерлерін пайдалану және оның аумағын оңалту мәселелерінде мемлекеттік бақылау күшейтіледі.


#Семей, #полигон