️Абай облысында мемлекеттік сатып алуға арналған конкурстың жаңа жүйесі жұмыс істейді

️Абай облысында мемлекеттік сатып алуға арналған конкурстың жаңа жүйесі жұмыс істейді

2023 жылдың 10 айында Абай облысының тапсырыс берушілері рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурстардың жеңімпаздарымен жалпы сомасы 43,1 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы 313 шарт жасасты,-деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі.  2022 жылдың қаңтарынан бастап конкурстың рейтингтік-балдық жүйе және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын екі жаңа кіші түрі, сондай-ақ электрондық дүкен арқылы сатып алу қолданысқа енгізілді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 31-2 бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 849 бұйрығына сәйкес рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүргізіледі. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады және орналастырады.

Жеңімпаз келесі критерийлер бойынша анықталады:

1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) төленген салықтар көрсеткіші;

3) конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде есептелетін қаржылық орнықтылық көрсеткіші;

4) әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса қолданылады);

5) теріс мәндер. 


#Абай облысы, #мемлекеттік сатып алу