️Абай облысында мемлекеттік сатып алуға арналған конкурстың жаңа жүйесі жұмыс істейді
2023 жылдың 10 айында Абай облысының тапсырыс берушілері рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурстардың жеңімпаздарымен жалпы сомасы 43,1 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы 313 шарт жасасты,-деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі. 2022 жылдың қаңтарынан бастап конкурстың рейтингтік-балдық жүйе және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын екі жаңа кіші түрі, сондай-ақ электрондық дүкен арқылы сатып алу қолданысқа енгізілді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 31-2 бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 849 бұйрығына сәйкес рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүргізіледі. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады және орналастырады.
Жеңімпаз келесі критерийлер бойынша анықталады:
1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) төленген салықтар көрсеткіші;
3) конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде есептелетін қаржылық орнықтылық көрсеткіші;
4) әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса қолданылады);
5) теріс мәндер.
#Абайская область, #государственные закупки