Биыл облыстағы өнеркәсіп орындары 1,8 трлн теңгеге өнім өндірген
Өңірдегі өнеркәсіп өндіріс индексінің көрсеткіші былтырмен қаңтар-қараша айларындағы деңгеймен салыстырғанда 100,2 %-ға жеткен. Аталған көрсеткіш республикалық өндіріс көлеміндегі үлестің 4 % құрап отыр. Бұл туралы Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов мәлімдеді.
- Облыстың өнеркәсіп өндіріс құрылымында ең үлкен үлес салмағы (алпыс тоғызда екі%) тау-кен өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға тиесілі. Осы жылы өңдеу өнеркәсібі қаңтар-қарашада 495 млрд теңгеге өнім өндірді. Өткен жылмен салыстырғанда 98 %-ды құрады. Машина жасауда 16 %, тамақ өнімдерін өндіруде 4 % көбею байқалды, -деп атап өтті басқарма басшысы.
Сонымен қатар, облыс аумағында 470-тен астам (үш жүз алпыс үш өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары) өнеркәсіп кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оның ішінде 15 ірі және 459 шағын және орта кәсіпорындар бар.
- Бүгінгі таңда Индустрияландыру картасына сомасы 1,6 трлн теңгеге 6 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 20 жоба енгізілді. Сондай-ақ, осы жылы 80 жаңа жұмыс орнын құра отырып, қаражаты 1,6 млрд теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылды, - деп қорытындылады Рүстем Ворошилов.