Экономика 29 қаралымabaidan.kz

Семейде тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

Семейде тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін Семей қаласындағы абаттандырылған аула аумақтарын аралап, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Семейде тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

Аймақ басшысы әуелі Шәкәрім даңғылындағы жаңартылған ауланы көрді. Мұнда тұрғындардың демалысы мен дене шынықтыруына арналған бірнеше аймақ жасақталған. Аулада жалпы ауданы 544 шаршы метр балалар алаңы, 9 шағын сәулет нысаны, 8 көше тренажері мен воркаут-кешені орнатылған. Сондай-ақ, аумағы 384 шаршы метр футбол алаңы салынып, 8 сыртқы жарықтандыру тірегі қойылған. Аула тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

Семейде тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

 Тұрғын Гүлжан Бұтаеваның айтуынша, үш үйге ортақ аулада ұзақ жылдар бойы жөндеу жүргізілмеген.

«Осы үш үйдің ауласында 30 жылдан бері жөндеу жүргізілген жоқ. Балалардың ойнайтын, тұрғындардың демалатын қолайлы орны болмады. Кешкі уақытта жарық та жанбайтын. Қазір ауламыз адам танымастай өзгерді. Балаларға ойын және спорт алаңдары жасалып, жарықтандыру орнатылды. Енді балаларымыз алаңсыз ойнап, үлкендер де аулада демала алады. Өте қуаныштымыз», – деді ол.

Облыс әкімі биыл қаладағы аула аумақтарын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс қолға алынғанын атап өтті.

«Биыл қала тұрғындарына 100 ауланы қалыпқа келтіреміз деп уәде бергенбіз. Қазір соның басым бөлігі аяқталуға жақын. Қалған жұмыстарды да кезең-кезеңімен жыл соңына дейін бітіреміз. Бүгін көрген аулаларда жұмыс сапалы жүргізілген. Ең бастысы, тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптасып, балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта жасалды. Осындай жұмыстар қаланың басқа аулаларында да сапалы атқарылуы тиіс», – деді Берік Уәли.

Семейде тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

Облыс әкімі сол жағалаудағы Әміре Қашаубаев көшесі 72 үйдің ауласындағы абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Мұндағы жұмыстар биылғы 20 тамызда басталып, 16 қыркүйекте аяқталған. Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды. Бұл үйде 200-ге жуық пәтер бар. Екі мың шаршы метрден астам аумақ абаттандырылып, балалар ойын және спорт, футбол алаңдары орнатылды. Аймақ басшысы аулаларды абаттандыру кезінде жұмыс сапасы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажеттігін атап өтті.

Семейде тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

Жалпы, биыл Семей қаласы бойынша 100-ге жуық аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Қазіргі уақытта 54 үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.