Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады – Ұлттық құрылтай

Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады – Ұлттық құрылтай

Қазақстанда энергетикаға қатысты жаңа агенттік құрылады. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбековтың айтуынша, Мемлекет басшысы Ұлттыққұрылтайда атом энергетикасын дамыту мен АЭС салу мәселесі бойынша бірқатар тапсырмаларды атап көрсеткен.

Сөз   барысында Қасым Жомарт Кемелұлы ҚР Президенті жанындағы Ядролық энергетика жөніндегі жаңа агенттіктің құрылғанын жариялады. Бұл еліміздің атом және энергетика саласын дамытудағы күш-жігерімізді біріктіруге көмектесетін маңызды және заманауи қадам деп санаймын,-деді ол.

Сонымен қатар Президент ұлттық ғылым мен техниканың белсенді дамуына қарамастан, елде ғылыми қалалардың жоқтығына назар аударды. 

Мемлекет басшысы атап өткендей, тиісті тәжірибесі мен дәстүрі бар Курчатов екінші ғылыми қалашық бола алар еді. Әрине, Курчатов қаласына мұндай мәртебені беру, ең алдымен, қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жағымды әсер етіп, шағын қалаларға тән бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл Курчатовтың атом ғылымының орталығы ретінде ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмір сүруіне де қолайлы қала болып дамуына жаң асерпін береді,-деді Эрлан Батырбеков.


#ҚР Президенті, #Ұлттық Құрылтай, #АЭС, #Бурабай, #Курчатов қаласы