Активтерді қайтару жөніндегі комитет халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс жасайды

Активтерді қайтару жөніндегі комитет халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс жасайды

Бас прокуратура Активтерді қайтару жөніндегі комитет қандай халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс істеп жатқанын мәлім етті6-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  KAZINFORM-ға сілтеме жасап.

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңмен (бұдан әрі - Заң) айқындалған мақсаттар мен міндеттер тұрғысында Активтерді қайтару жөніндегі комитет халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты нығайтады, сондай-ақ шетелдік органдармен және сұранысқа ие халықаралық ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимыл жасайды. Атап айтқанда, ақпарат алмасу «CARIN», «ARIN-AP» желілері, сондай-ақ қорғалған Интерпол арналары және GlobE Network желілері арқылы жүргізіледі. Биыл комитет Интерполдың «Күміс бюллетень» және «Күміс хабарлама» активтерді қайтарудың жаңа құралын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына мүше болды және оның жұмысына белсенді қатысады. ГЛОБИ жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел желісіне мүшелікке алынды. Жедел ақпарат пен сұраныстарды өзара алмасу үшін байланыс арнасы орнатылды. Ұрланған активтерді қайтару бойынша БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасымен және Дүниежүзілік банктің СтАР бастамасымен өзара іс-қимыл жолға қойылған», - деп атап өтеді Бас прокуратурадан агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның мәліметінше, комитет активтерді қайтарумен тікелей немесе жанама байланысы бар барлық халықаралық ұйымдармен және өзара іс-қимыл желілерімен серіктестік орнату жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, өткен жылдың 26 қыркүйегінде Қайтарылған активтерді басқаратын компания құру туралы Үкімет қаулысы шықты. 

2022 жылдың басынан еліміздің құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік, уәкілетті мемлекеттік органдардың шараларымен құны 1,5 трлн теңгедей болатын активтер қайтарылды


#қаржы