2024 ЖЫЛЫ БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ БОЛМАЙДЫ

2024 ЖЫЛЫ БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ БОЛМАЙДЫ

Бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілік көзделмеген. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі  Абай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Алайда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам БЖТ-ны бір айға да уақытылы төлемесе, сақтанушы мәртебесінен айырылмақ. Сондықтан төлемдерді айына бір рет өткізіп алмау немесе БЖТ-ны болашақ кезеңдер үшін алдын-ала төлеу маңызды.

Абай облысы бойынша Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің  саны 11 мыңнан астам құраған. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қоры" КеАҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан  ӘБІЛОВ баяндады.

-  2024 жыл жақындаған сайын пациенттер БЖТ жойылғаннан кейін МӘМС жарналарын қалай төлейтінін және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар сақтандырылған мәртебеге қалай ие болатынын білу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну арта түсті. Негізінен БЖТ бастапқыда бес жылға уақытша енгізілген болатын. Бұл жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жылына 1 175 АЕК-тен аз айналымда басқа жеке тұлғаларға қызметтер көрсететін және жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізетін бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар үшін, - деді Ғалымжан  ӘБІЛОВ.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеген азаматтар кейіннен дербес төлеушілер ретінде төлем жүргізе алады (ең төменгі жалақының 5% – ы, 2023 жылы-3500 теңге). МӘМС туралы Заңға сәйкес сақтандырылған тұлға мәртебесін алу үшін азаматтардың 12 айға төлемдері болуы керек екенін ескеру қажет. Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның өткен жылы БЖТ төлемі болса, онда 2024 жылдан бастап ол ай сайын дербес төлеуші ретінде төлем жасай алады.

-  Айта кетейік, төлем толық емес жылға, яғни 2023 жылғы жеті айға жүргізілсе, онда қалған бес төленбеген айды дербес төлеуші ретінде әрқайсысы 3500 теңгеден төлеу қажет. Ағымдағы жылы үш-төрт ай ішінде БЖТ төлегендер болашақ 12 ай үшін жарналарды төлеп, бір жыл бұрын сақтанушы мәртебесін алу тиімдірек болады, - дейді "Әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қоры" КеАҚ облыс бойынша филиал директоры.

2024 жылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге немесе жарналарды тәуелсіз төлеушілер ретінде төлеуге болады. Төлем Қазақстанның кез - келген банкінде, банктердің мобильді қосымшалары арқылы және «Қазпошта» бөлімшелерінде қабылданады. Сондай- ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты, @Saqtandyrýbot Telegram және 1414 байланыс орталығы арқылы өтініш жіберуге болады.


#Абай облысы