2025 жылдың басынан бері еліміздің көлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 12 млн астам рет жүріп өтті
Бұл көрсеткіштер еліміздегі сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын және оның экономикалық дамудағы шешуші рөлін айқын көрсетеді. Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық ортылығы» РМК Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған және олардың маңыздылығына қысқаша сипаттама берілген:
1. Шымкент – Өзбекстан шекарасы (1,98 млн)
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы негізгі байланысты қамтамасыз ететін ең ірі бағыттардың бірі.
2. Алматы – Қонаев (1,88 млн)
Оңтүстік өңірге және Алматының таулы аймақтарына саяхаттағысы келетін туристер үшін маңызды күре жол.
3. Шымкент – Тараз (1,2 млн)
Оңтүстіктегі екі ірі қаланы байланыстырып, іскерлік сапарларды және өңірлік туризмді дамытуға септігін тигізеді.
4. Тараз – Қайнар (1,02 млн)
Жол уақытын қысқартып, жүк тасымалын жеңілдететін маңызды бағыт.
5. Шымкент – Қызылорда (970 мың)
Тауарды тез тасымалдауға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыт.
6. Алматы – Қорғас (929 мың)
Қытаймен халықаралық дәліздің маңызды бөлігі, шекара маңындағы сауданы жандандырады.
7. Астана – Теміртау (768 мың)
Астананы өнеркәсіптік орталықпен байланыстырып, орталық өңірдің экономикасының өсуіне әсерін ықпал етеді.
8. Қонаев – Талдықорған (712 мың)
Аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуына және іскерлік қатынастар үшін маңызды.
9. Щучинск – Көкшетау (613 мың)
Ішкі туризмнің әлеуетін артуына үлес қосатын бағыт.
10. Астана – Щучинск (609 мың)
Елорда мен курорттық аймақты байланыстырып, сауықтыру және спорт туризмін дамытады.
11. Астана – Павлодар (481 мың)
Елорда мен солтүстіктегі өнеркәсіптік орталық арасындағы көлік қатынасын жеделдетеді.
12. Көкшетау – Петропавл (361 мың)
Солтүстіктегі негізгі қалалар арасындағы логистика мен байланысты жақсартады.
13. Қызылорда – Арал (260 мың)
Арал маңы тұрғындары үшін маңызды бағыт, шалғай аудандардың қолжетімділігін арттырады.
14. Павлодар – Семей – Қалбатау (225 мың)
Шығыс Қазақстан үшін ірі дәліз, ол өңірдің дамуына септігін тигізеді.
15. Орал – РФ шекарасы (Самара) (183 мың)
Ресеймен ынтымақтастықтың негізгі учаскесі, сауда қатынасын жандандырады.
16. Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (170 мың)
Экспорттық және импорттық әлеуетті нығайтатын халықаралық бағыт.
17. Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (124 мың)
Ресеймен жүк және жолаушылар тасымалы үшін белсенді қолданылады.
18. Орал – РФ шекарасы (Саратов) (108 мың)
Көрші мемлекетпен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтатын тағы бір бағыт.
19. Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (90 мың)
Қазақстанның солтүстік өңірі мен Ресейдің шекаралас облыстары арасындағы дәліз.
20. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (28 мың)
Шекара маңы саудасын және шекаралық аймақтардың дамуын қамтамасыз ететін маңызды жол.
Ақылы жолдар жылдам қозғалысты дамытып, қалалар мен көрші мемлекеттер арасындағы тұрақты байланысты нығайтып, сауда, туризм және өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді.
#жол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"