8 тамыздан жаңа көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

8 тамыздан жаңа көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Семейде жаңа көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Абай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жобада Народная көшесі байындағы металл аралық құрылысты құрастыру және жылжыту үшін стапель орнату көзделген. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар мен олардың автокөліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Жамбыл көшесінен ескі көпірге дейін Народная көшесінің бөлігін толық жабу қажет. Жергілікті тұрғындар үшін айналма жол қарастырылған. 

Осыған байланысты 8 тамыздан бастап аталған учаскеде автокөлік қозғалысы толығымен шектеледі. 


#Семей, #Абай облысы