abaidan.kz – VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумының ақпараттық серіктесі
abaidan.kz ақпарат агенттігі биыл қатарынан екінші жыл VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумының ақпараттық серіктесі болды.


Түркітілдес журналистерді бір алаңға тоғыстырған бұл медиафорум өңірлік және халықаралық деңгейдегі маңызды кәсіби платформа ретінде танылды. Форум барысында әр елден келген медиамамандар журналистиканың жаңа трендтері, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық медианың даму бағыты, сапалы контент жасау мәселелері жөнінде ой бөлісті.

Ақпараттық серіктес ретінде abaidan.kz форумның негізгі отырыстары мен талқылауларын жедел жариялап, қатысушылардың пікірлері мен басты жаңалықтарын оқырманға дер кезінде жеткізіп отырды. Бұл серіктестік агенттіктің кәсіби деңгейін, сондай-ақ өңірлік ақпарат саласындағы беделін тағы бір мәрте көрсетті.

Агенттік атынан Түркітілдес журналистер қоғамдық қорының президенті Нәзия Жоямергенге көрсеткен сенімі үшін ерекше алғыс білдіріледі. Екі жыл қатарынан серіктес болу – үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік.
VI медиафорум биыл да мазмұнды бағдарламасымен есте қалды. Ал abaidan.kz осы маңызды шараның ақпараттық қамтылуына өз үлесін қоса отырып, түркітілдес қауымдастық арасындағы ақпараттық байланыс пен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
#журналистика, #Түркітілдес журналистер қоры, #медиа форум