Абай облысында балалардың қысқы демалысы ұйымдастырылды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, өңір кәсіпкерлерінің демеушілігімен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері үшін қысқы демалыста қызықты іс - шаралар ұйымдастырылды. Оған Семей қаласы мен Бородулиха ауданынан 155 бала қатысты,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарлама аясында Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 60, білім беруді қажет ететін орталықтың 50 және Новая-Шүлбі ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 45 тәрбиеленушісіне үлкен экранда анимациялық фильм көрсетілді.
Сонымен қатар балалар биологиялық орталықта серуендеді. Жуырда пайдалануға берілген балалар пойызымен "Бейбітшілік" аралына саяхат жасады.
Бұдан бөлек балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.
Іс-шараның мақсаты - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлай отырып, қысқы демалысты көңілді өткізуге мүмкіндік беру.
#Абай облысы, #Абай облысының әкімі, #балалар