Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Республика күнімен құттықтады.
– Бұл мереке – түрік халқының бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілігі мен тұрақты дамуының мызғымас тұғыры. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында Түркия саяси, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық салаларда биік белестерді бағындырып, халықаралық қауымдастықтың қуатты әрі беделді мүшесіне айналды, – делінген жеделхатта.
Президент екі ел арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ілгерілей беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Түркия халқына бақ-береке тіледі.
https://kaz.inform.kz/news/tokaev-rezhep-tayip-erdogandi-respublika-kunmen-kuttiktadi-aa27f873




