Қоғам 58 қаралымabaidan.kz

Абай облысында қамқоршы отбасыларға алғаш рет құрмет көрсетілді

Абай облысында қамқоршы отбасыларға алғаш рет құрмет көрсетілді

Семейде Қамқоршылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл – Абай облысы құрылғаннан бері қамқоршыларға арнайы құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған алғашқы шара. Жиынға өңірдің әртүрлі аудандарынан 30 қамқоршы қатысты.

Жалпы, Абай облысында 421 бала қамқоршылықта болса, 29 бала патронаттық тәрбиеге берілген. Іс-шараның мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына қабылдап, оларға мейірім мен жылулық сыйлап отырған азаматтарға алғыс білдіру және отбасылық тәрбиенің маңызын насихаттау.

Абай облысында қамқоршы отбасыларға алғаш рет құрмет көрсетілді

Шараны Абай облысының Білім басқармасы, Бала құқықтарын қорғау басқармасы және «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.

«Бүгінгі шара арқылы қамқоршыларға құрмет көрсетіп қана қоймай, оларды өзгелерге үлгі еткіміз келеді. Балаларға мейірім мен отбасылық жылулық сыйлап жүрген жандардың еңбегін көпшілікке таныстыру маңызды. Өйткені өзге де, бөтен де бала болмайды. Әр бала отбасында тәрбиеленіп, жақындарының қамқорлығын сезінуге лайық», – деді «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының өңірлік өкілі Айнагүл Нұртазина.

Абай облысында қамқоршы отбасыларға алғаш рет құрмет көрсетілді

Оның айтуынша, Ұлттық бала асырап алу агенттігі құрылғаннан бері Қазақстан бойынша 2 мыңнан астам бала отбасына орналастырылған. Сонымен қатар отбасыларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, қиын жағдайға тап болған аналарға балаларын қайта тәрбиесіне алуына қолдау жасалады.

Абай облысында қамқоршы отбасыларға алғаш рет құрмет көрсетілді

Мерекелік бағдарлама аясында қамқоршыларға «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының атынан алғыс хаттар мен «Технодом» дүкендер желісінен тұрмыстық техника сатып алуға арналған сертификаттар табысталды.

Абай облысында қамқоршы отбасыларға алғаш рет құрмет көрсетілді

Шараға қатысқан қамқоршылардың бірі – Людмила Нұрғанова. Ол бес жылдан бері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған төрт баланы тәрбиелеп келеді. Балаларды өз қамқорлығына алған кезде олардың ең кішісі небәрі бір жаста болған. Осы жылдар ішінде отбасы түрлі қиындықты бастан өткергенімен, Людмила Нұрғанованың айтуынша, білім бөлімі мен әкімдік тарапынан көрсетілген қолдау олар үшін маңызды болған.

«Бізге білім бөлімі мен әкімдік үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осындай кездесулер ұйымдастырып, балаларды құттықтап, сыйлықтар беріп, олардың қамқорлықты сезінуіне жағдай жасап жатқандары үшін алғыс айтамын. Қандай да бір мәселе туындаса немесе кеңес қажет болса, әрдайым көмек сұрай аламыз. Тіпті жұмыс уақытынан тыс кезде де өтінішімізге жауап беріледі», – дейді Людмила Нұрғанова.

Қамқоршы үшін балалардың қоғамның бір бөлшегі екенін сезінуі, айналасында оларға қолдау көрсетуге дайын адамдардың барын білуі ерекше маңызды. Оның пікірінше, мұндай кездесулер отбасыларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың қиындықпен жалғыз қалмайтынын да көрсетеді.

Абай облысында қамқоршы отбасыларға алғаш рет құрмет көрсетілді

Людмила Нұрғанова осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенетінін жеткізіп, өзге қамқоршыларға денсаулық пен амандық тіледі.

«Осындай кездесулер алдағы уақытта да өткізіліп тұрса екен деймін. Бұл – көңіл толқытып, қуаныш сыйлайтын сәттер. Барлық қамқоршыларға мықты денсаулық, ал олардың тәрбиесіндегі балаларға қуаныш пен табыс тілеймін. Әр шаңырақта бейбітшілік, бақыт пен береке болсын», – деп атап өтті ол.

Абай облысында қамқоршы отбасыларға алғаш рет құрмет көрсетілді

Айта кетейік, «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры 13 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, балалардың өз отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасау және қамқоршы әрі асырап алушы отбасыларды қолдау бағытында жұмыс істеп келеді. Қордың негізгі миссиясы – «Жетімдерсіз Қазақстан. Бала отбасында өмір сүреді».