Абай облысында «Мың тағдыр — бір Ел» жобасы аясында «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында «Мың тағдыр — бір Ел» жобасы аясында «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» атты диалог алаңы өтті

Кеңесте  еліміздегі барлық этностардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен сүйіспеншілігінің арқасында қазақ халқының басынан өткерген ортақ қиындықтарды ұжымдық есте сақтау, ортақ тарих негізінде қазақтың бірегейлігі мен бірлігін нығайтуға және дамыту туралы ортақ ой-талқы болды. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қыметіне сілтеме жасап хабарлады.  


Диалог алаңына Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев,   қала мен аудандардың белсенді жастары қатысты. Олар өз шығармаларынан өлең оқып, авторлық әндерін орындады. 



Спикерлер ауызбіршілікті, ынтымақты, еңбексүйгіштікті дамыту қажеттігін, сондай-ақ білімге, кәсіби шеберлік, азаматтардың бір-біріне қолдау көрсету, іскерлік, бастамашылдық, адалдықтың маңыздылығына тоқталды. 



Диалог алаңы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындаумен қорытындыланды.


#Абай облысы