Абай облысында өңірлік кадрлық резерв жасақталып жатыр

Абай облысында өңірлік кадрлық резерв жасақталып жатыр

Өңірлік кадрлық резервке іріктеу 1 ақпанда басталады. Өңірлік кадр резервін құрудың басты мақсаты облыстың дамуына өз үлестерін қосамыз деген білімді дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен кадр комиссиясының отырысы өтті. Онда іріктеу үдерісіне және қызметтің негізгі бағыттарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ өтінімдерді қабылдау және нәтижелерді шығару мерзімдері белгіленді.

Облыстық резервке іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Облыстың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыстың кадр резервіне 15 азамат іріктеліп алынатын болады. 

Сонымен қатар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервіне іріктеудің үлгілік тәртібіне сәйкес, Абай облысының өңірлік кадр резервіне іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

Құжаттардың кезеңдері мен тізімін сайттан көре аласыздар.


#Абай облысы