Абай облысында тас жолдар күрделі жөндеуден өтуде

Абай облысында тас жолдар күрделі жөндеуден өтуде

Абай облысында 584 шақырым жолда қайта жаңарту  жүргізіліп жатыр. Оған қоса 250 шақырымда орташа жөндеу қолға алынған. Әсіресе жылдар бойы қараусыз қалып тас-талқаны шыққан тас жолдар ретке келтірілуде. “ҚазАвтоЖол” мамандары жақында орташа жөндеу көрген “Өскемен-Семей” бағытының бір бөлігін жаңалап, тапсырды. Аталған жол Абай облысы Шығыс Қазақстаннан бөлінгелі қараусыз қалған. Тәулігіне 6 мыңнан астам көлік қатынайтын республикалық трассада жұмыстар келесі жылы да жалғасады. Ал жылдар бойы құрылысы сағызша созылып кеткен “Қалбатау-Майқапшағай” күре жолында асфаль төсеу аяқталды. Қолданысқа беріліп жатқан тас жолдардың сапасын қоғам белсенділері мен “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” мамандарының жіті бақылауда. Мамандар жыл басынан бері 200 ден астам тексеру жүргізіп, жол құрылысына қолданылған материалдардан 1 мыңға жуық сынама алған.

Қазірдің өзінде Көкпектіден, Майқапшағайға дейін толықтай қосылды. Қазір ең соңғы қабат сол жұмыстар аяқталады. Келесі жылы 522 шақырым жол жөндеу жоспарымызда бар. “Өскемен-Семей” толықтай 100 пайыз орташа жөнден өтетін болады. Одан бөлек Ресей шекарасына шығатын жерде екі учаске жоспарлап отырмыз,-дейді Айбек Аманбеков  “ҚАЗАВТОЖОЛ” ҰК АҚ филиалының директоры.

Соңғы екі жылдың ішінде, Абай облысы бөлінгелі бері жолдардың сапасына аса қатты назар аударылып жатыр. Екі жылдың ішінде тоқтамай тексеріс те тексеріс жасап жатырмыз. Осы жақтың тұрғындары. Бізден бұрын сол кісілер жүреді. Ең бастысы сол кісілер, халық риза. Халықтың пайдасына берілгеніне ризамын,- дейді қоғам белсендісі Ақнұр Қайратқызы.


#Абай облысы, #жол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"