Абай облысында жаңа теміржол бағыты ашылды

Абай облысында жаңа теміржол бағыты ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Абай облысының әкімдігі «Семей – Шар», «Ақтоғай – Аягөз» жаңа теміржол бағытын іске қосты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Семей-Шар» бағытында бір жолаушы үшін жол жүру құны 557 теңге, ал «Ақтоғай - Аягөз» бағытына 650 теңгені құрайды.
Бүгін таңғы сағат 9.14-те Семейден Шарға қатынайтын алғашқы пойыз келді. Бұл бағытта сейсенбіден басқа аптаның барлық күнінде жүреді.


#Абай облысы, #пойыз