Абай облысының әкімі Берік Уәлиді туған күнімен құттықтаймыз
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли туған күнін атап өтуде. Берік Уәлиұлы өңір басшылығына келген уақыттан бері облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, нақты істерімен, жүйелі бастамаларымен және жауапты басқару стилімен тұрғындардың сеніміне ие болды. Аймақтың әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылып, инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Елмен етене жақын болу, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, өзекті мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге ұмтылу – облыс әкімінің қызметіндегі басты ұстанымдарының бірі. Бұл қағидат өңірдегі қоғамдық тұрақтылық пен сенімді нығайтуға оң ықпал етуде.
Осы орайда Берік Уәлиұлын туған күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ал жауапты мемлекеттік қызметіңізде табысты еңбек, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз әрдайым жемісті болып, Абай облысының дамуына қосқан үлесіңіз арта берсін!
Туған күніңіз құтты болсын!
#Семей, #Абай облысы, #Абай облысының әкімі, #Берік Уәли