Абай облысының ҚХА шығармашылық ұжымдары қауымдастығының отырысы өтті

Абай облысының ҚХА шығармашылық ұжымдары қауымдастығының отырысы өтті

Отырыс аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының креативті шешімдер платформасы тұжырымдамасының ресми таныстырылымы ұйымдастырылды. Платформа Ассамблеяның шығармашылық бастамалар, жастармен жұмыс істеу және этносаралық келісімді заманауи әдістермен нығайту бағыттарындағы жұмысын жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Іс-шараға өңірдің мәдениет, білім, медиа, жастар және шығармашылық салаларының өкілдері қатысты.

Негізгі мақсат - этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті креативті индустриялар, өнер, медиа және цифрлық жобалар арқылы ілгерілетуге бағытталған жаңа ұлттық форматты таныстыру.

 Бүгін ҚХА-ның креативтік платформасының алғашқы отырысы өтті. Платформа жақында құрылып, Қазақстанның көпэтносты халық шығармашылығының бар әлеуетін шығармашылық ұжымдардың қауымдастығы мүмкіндіктерімен ұштастыруды көздейді. Сондай-ақ бүгін бұл жұмысты үйлестіріп, ортақ арнаға бағыттау мақсатында меморандумдарға қол қойылды.Осылайша, біздің өңірді республикалық деңгейде де, халықаралық деңгейде де кеңінен танитын болады,- деді «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Надежда Шарова

Отырыс соңында қатысушылар алдағы ортақ жобалар бойынша ұсыныстарын білдіріп, шығармашылық қауымдастықтың жұмысын жүйелі түрде жалғастыру туралы келісімге келді. Іс-шара өңірдегі этномәдени диалогты дамытуға және креативті индустриялар арқылы қоғамды біріктіру ісіне тың тыныс берді.


#Абай облысы, #Ассамблея