Абай облысының логотипі өзгерді

Абай облысының логотипі өзгерді

Абай облысы өзінің жаңа бірегей логотипін көпшілік назарына ұсынды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі abaiaqparatkz-ке сілтеме жасап.

Бұл таңба – өңірдің тарихи, мәдени және рухани ерекшелігін айқын сипаттайтын символ ретінде жасалған.

Логотиптегі жазу латын қарпімен «Abai» деп жазылған, әрбір әріп терең мағыналық жүктемемен безендірілген:

Алғашқы «А» – Ертіс өзенінің толқындарымен басталып, Семейдің символы болған аспалы көпірді бейнелейді. Көпір – дәнекер. Өткен мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғайтын сабақтастық.

«B» және екінші «А» – қос қазақ үй. Алғашқы «Қазақ» газетінде де бейнеленген. Бұл Семейді Алаштың астанасы болғанын айтып тұр. Сонымен қатар Абай мен Шәкәрім деген емеурінді білдіреді. Бұл – рухани сабақтастықтың символы. Осы екі әріптің ортасында сәл төмен тұрған – үкі. Ол – кие мен қорғаушы күштің белгісі.

Соңғы әріп – «І». Бұл әріпті Абай білім алған медресе деп жатқандар бар. Бұл жердегі ең маңыздысы – І әрпінің басындағы ноқат. Яғни, темірқазық.

Логотиптің астыңғы сызықтарының иілген формасы Ертіс өзенін еске салады.


#Абай облысы, #Берік Уәли