Абай облысының жастары еліміздің жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын әзірлеуге атсалысуда
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу және талқылау аясында қоғам өкілдерімен, БАҚ, мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесулер сериясын жалғастыруда,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы ретте, Департамент басшысы Руслан Шарипов Абай облысының жастар қозғалыстарының көшбасшыларымен кездесті. Кездесу барысында жаңа стратегиялық құжатты әзірлеуге жастардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтілді.
Департамент басшысы «Жастар – өзгерістердің қозғаушы күші. Қазіргі қоғамның сұраныстарына жауап беретін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал ететін құжатты қалыптастыру үшін жастардың идеялары біз үшін өте маңызды», - деп сөз топшылады.
Абай облысының жастар қозғалысының үкіметтік емес ұйымдарының, оның ішінде «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» клубтарының көшбасшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуға дайын екендіктерін білдіріп, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша өз идеяларымен бөлісті.
Ұсынылған бастамалардың қатарында:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттырудың интерактивті форматтарын енгізу;
• Парасаттылық қағидаттарын насихаттау үшін әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалану;
• Әдеп және ашықтық мәселелерін талқылау үшін жастар алаңдарын құру.
Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның соңғы нұсқасын дайындау кезінде ашықтық пен инклюзивтілікті қамтамасыз ету үшін қоғамнан ұсыныстар жинақтау жұмысын жалғастырады.
#Абай облысы, #жастар, #қоғам, #Мемлекеттік қызметтер