Абай облысында бұрын-соңды болмаған бірегей операция жасалды

Абай облысында бұрын-соңды болмаған бірегей операция жасалды

Абай облысында бұрын-соңды болмаған бірегей операция жасалды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Ота«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері, №5 Хирургиялық бөлім меңгерушісі Әлібек Тойбаевтың жетекшілігімен өтті.  Облыс дәрігерлеріне, кардихирургтарына шеберлік сағаты ұйымдастырылып, оныңжай-жапсары түсіндірілді. 

«70 жастағы пациентте жүректің ишемиялық ауруы, коронарлық арнаның үштамырлы зақымдануы анықталған. Сонымен қатар бұған дейін миокард инфарктісін алғандықтан ота күрделене түсті. Біз өңірдегі дәрігерлермен бірлесіп науқастың үш тамырын ұштастыру операциясын жасадық. Қазір пациенттің жағдайы қалыпты. Бөлімшеде оңалтудың алғашқы кезеңінен өтіп жатыр», - деп түсіндірді кардиохирург Әлібек Тойбаев.

Айта кетейік, операцияға Семей қаласындағы «Жедел медициналық көмек ауруханасы» директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, өңірлік аурухананың жетекші кардиохирургтері, анестезиолог, эхоскопист, операциялық медбике, перфузиолог мамандар қатысты. 


#Семей, #Дәрігер, #Абай облысы